«Үздік маман» - 2018

"Технологиялық көлік басқармасы және ұңғымаларға қызмет көрсету" ЖШС өз кәсіптері бойынша үздік жұмысшыларының аттары, кезекті, жылда өтетін оқиға болып кеткен, Серіктестік қызметкерлері арасында өткен "Үздік маман" - 2018 байқауында анықталды.  

Бүгінгі күні мұнай саласы мамандықтарының беделі мен танымалдығы күмән келтірмейді, сондай-ақ, біліктілігі жоғары және үнемі өз шеберліктерін және білімдерін жетілдіруге тиіс қызметкерлерінің жұмыс кезінде жауапкершілігі болуы тиіс. Барлық осы аспектілерді өзіне іске асырған "Үздік маман" кәсіби шеберлік конкурсы "Қазмұнайгаз" ҰК АҚ компаниялар тобына кіретін барлық компаниялар арасында үшінші жыл қатарынан жүргізілді.

Бұл маңызды және күрделі жарыс алдына мамандықтың беделін арттыру, шеберлігін жетілдіру, ал кейбір аспектілерде шығармашылық әлеуетін анықтауды мақсат етті. Конкурстық комиссияның құрамына директордың өндіріс бойынша орынбасары, Т. Ө. Жайман басшылығымен  бөлімшелер мен бөлімдердің жетекшілері ғана емес, компанияның тәжірибелі де білікті мамандары кірді.

Байқауға  кәсіпорынның 127 қызметкері қатысты . Байқау екі кезеңнен өтті, бұл өз ісінің теориясын білу  және тәжірибелік тапсырмаларды орындау.

Конкурс нәтижелерін мұқият және байыпты тексеру және балдарды санау арқылы комиссия "Үздік маман" кәсіби шеберлік байқауының 49 жеңімпазы мен жүлдегерлерін анықтады (қызметкерлердің  тізімі қосымшада берілген).

Енді конкурс жеңімпаздарын одан да маңызды іс-шара күтіп тұр, ол "Қазмұнайгаз" ҰК АҚ тобының корпоративтік орталығының  деңгейінде өткізілетін кәсіби шеберлік байқауына қатысу.

ТКБ және ҰҚК ұжымы өз қызметкерлерін мақтан тұтады және оларға алдағы байқауда сәттілік тілейді!

  • docx  призеров_уздик маман  
       Скачать файл    (20.23 Kb)/uploads/docfiles/_prizerov_uzdik_maman__8e20b207b7087c6629785720cf46bb39.docx

Жарияланған күні: 25 шілде 2018



Басқа жаңалықтар:

Құрметті әріптестер, қымбатты әйелдер қауымы!

icon

Алда келе жатқан көктемнің 8-Наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесімен мекемеміздің ер азаматтар қауымы атынан шын жүректен құттықтауын қабыл алыңыз!

Бұл керемет көктемнің мерекесін біздің елімізде әрқашан ерекше тойлайды. Осы мейрамда ер азаматтардың әйелдер қауымына деген  қадірлеушілігі, құрметтілігі және махаббаты бейнеленеді. 


Жарияланған күні: 06-03-2015  

Жаңаөзен каласында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру Акционерлік қоғамының еншілес компаниялар арасында екінші спартакиада өтті.

Жаңаөзен каласында "ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру Акционерлік қоғамының еншілес компаниялар арасында екінші спартакиада өтті.


Жарияланған күні: 09-09-2013  

Блог руководителя

Бас директор – Жайман Таңатар Өскінбайұлы

Блог бетіне өту
Сенім телефоны:
+7 (7292) 47-20-33 

Жұмыс күндері 9:00 дан 18:00 дейін
(Ақтау уақыты)

E-mail: g_kabylbay@kbm.kz