Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету бағдарламасы

«Технологиялық көлікті басқару және ұңғымаларға қызмет көрсету» ЖШС-гі 2018 жылдың өндірістік бағдарламасын жүзеге асыру үшін бұрғылау бойынша мамандарын дайындау мақсатымен, 2017 жылдың шілде мен желтоқсан айлары аралығында ұңғымаларды күрделі жөндеу бұрғышының көмекшілері  Д. Байкулов пен А. Есенгубековты бұрғылау бойынша Модульдік оқуға жіберді.

Модульдік оқу Алматы қаласындағы «ҚБТУ Инжиниринг және ақпараттық технологиялар институты» ЖШС-гімен бірге өткізілді.

Жұмыскерлеріміз модульдік оқуды өте жақсы аяқтап, әр модуль бойынша сертификатпен марапатталып, сонымен қатар 3-ші және 4-ші деңгейдегі Жер үсті әуе қорғанысымен бұрғылауды бақылаудың (IWCF халықаралық стандарттарына сәйкес) халықаралық стандартқа сай сертификаттарыменде марапатталды. 

Байкулов Д

Біз Есенгубеков Актилекпен Қазақстан-Британ Техникалық Университетінде роторлық бұрғылау кезінде ұңғымаларды басқару және қадағалау, бұрғылау жұмыстарының менеджменті, заманауи технологиялар, бұрғылау ерітінділері мен ұңғымаларды цементтеу және т.б. курстар бойынша өте жақсы оқу өтті.

Бізді ҚБТУ тәжірибелі инструкторлары оқытты. DrillSim-5000 заманауи жаттығу құрылғысында тәжірибе сабақтары жүргізілді. Осы модульдік оқу бізге қатты ұнады. Және алдағы уақытта бұрғылаудың заманауи технологияларын одан ары қарай игереміз деген үміттеміз.

Есенгубеков А

Біз Алматы қаласындағы ҚБТУ инжиниринг және ақпараттық технологиялар институтында біліктілік арттыру курстарына қатыстық. Біздің мекеме әрқашан кадрларды дамыту жұмыстарын жақсы атқарып келеді. Соның бір мысалы – 2017 жылғы 6 модульден тұратын курс. Курсты халықаралық деңгейдегі инструкторлар жүргізді. Қазіргі кезеңде елімізде барлық мұнай және газ компаниялары өндіріске жаңа технологияларды енгізуді қалайды. Курстың барлық модульдары жоғары технологияларды таныстыру, әлемдік үздік тәжірибелерді ұғындыру жағынан өте жақсы ұйымдасқан.

Курс барысында бұрғылау ерітінділері, цементтеу, мұнай ұңғымаларын жобалау, бұрғылау жұмыстарын ұйымдастыру, мұнай-газ су атқылауларын жою, бұрғылау құбырының қысылуынан қорғау, бұрғылау және шегендеу құбырларын есептеу, бұрғылау қондырғысының элементтерін таңдау тәрізді тақырыптар қарастырылды.

Айта кетерлік жайт, курс еліміздегі бірегей DrillSim-5000 бұрғылау тренажерын қолданып жұмыс істеуге жол ашты.

Дата публикации: 3 мая 2018



Другие новости:

Объявление


Дата публикации: 01-08-2023  

Новый исторический этап Товарищества


Дата публикации: 30-03-2023  

Проект Дунга завершен


Дата публикации: 30-03-2023  

ТОО “Управление технологического транспорта и обслуживания скважин” объявляет о проведении аукциона


Дата публикации: 30-03-2023  

ТОО «Управление технологического транспорта и обслуживания скважин» (УТТиОС) приступил к аудиту подрядных организаций


Дата публикации: 02-11-2020  

Переход на новый стандарт ISO 45001:2018


Дата публикации: 29-10-2020  

Обращение Директора по случаю Дня траура по погибшим от КВИ


Дата публикации: 13-07-2020  

Презентация работ по предупреждению распространения коронавирусной инфекции COVID-19


Дата публикации: 06-04-2020  

Блог руководителя

Генеральный директор – Жайман Таңатар Өскінбайұлы

Перейти в блог
Телефон доверия:

+7 (7292) 47-20-33 

В будние дни с 9:00 по 18:00 (Местного времени)

E-mail: g_kabylbay@kbm.kz